Сонау ықылым замандарға, тарихтың қатпар-қатпар қойнауларына көз жүгіртсек, дана халқымыз ұлы Дала Ұрпақтары, Хандарын ақ киізге отырғызып, көкке көтеріп ұлықтаған, ақындарын ардақтаған, батырларын бағалаған, ешкашанда ұмытпаған.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын халық қазақ елінің рухани дамуы мен жаңаруының тұғырнамасы ретінде қабылдады. Бүл мақала ұлттың санамыз бен рухани өремізді дүр сілкіндіріп, ұлт болып ұйысуға, ел болып белді бекем бууға, ұлттық намысты ту етуге бастайтын тарихи қадам болды.
Сондай, елі үшін, жері үшін, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өмірі ат үстінде өткен, халкының қамын жеген батырлардың бірі де, бірегейі, Бөрлі ауданының тумасы - Жолбарыс батыр.
Баба жәйлі, батыр жәйлі құнды деректер жинақталуда. Ресейдің Орынбор, Санкт-Петербург қалаларының мұрағаттарынан батырдың өз заманында елі мен халқы үшін істеген игіліктері істерін растайтын маңызды құжаттар табылды. Өңір тарихшылары, журналистер, батыр бабамыздың өмірі мен өнегелі істеріне бей-жәй қарамайтын жекелеген азаматтар, қызығушылық танытып ізденіс үстінде.
Батыр бабамыздың ерлігін, есімін ардақтау, өрімдей өскелең ұрпаққа үлгі ретінде мағыналы, мәңді етіп саналарына жеткізу көппен бітетін іс. Елді, жерді, Отанды сүю, жалаң ұраншылдық емес, тиянақты атқарылған жұмыстардың жемісі болмақ.
Старшын Жолбарыс батыр жәйлі аудандық, облыстық басылымдарда материалдар жарияланды. Бүл іс әрі қарай жалғасын таппақ.
Батырды мәңгі есте қалдыру үшін атқарылар ауқымды шаралардың жоспары жасалып, кейбір жұмыстар басталып та кетті - «Түйеші» қорымындағы Жолбарыс батырдың басына бейіт тұрғызылды, бейіті «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітабына енгізілді.
Туған жері Ақсай қаласында, батыр бабамыз жәйлі ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілмек, конференцияға Алматы, Орал қалаларынан елімізге танымал тарихшылар, жергілікті мұражай қызметкерлері қатысып, баяндамалар жасайды,-деп жоспарлануда. Сондай-ақ, спорттық жарыстар өткізу, «Жолбарыс батыр» кітап шығару, «Түйеші» қорымындағы бейіті басына ескеткіш тұрғызу жұмыстары, жақын күндердің еншісінде.
Осынау жұмыстардың бәрі қыруар қаржыны талап етеді.
Олай болса, Жолбарыс батырдың «Ұрпақтар» қоғамдық қоры құрылып, есеп-шоты ашылды. Осы игілікті шараға ат салысып, ежелден аталған «Түйеші» қорымындағы бейіті басына ескеткіш тұрғызу жұмыстарына өз көмегімді берем деген алыс-жақындағы бауырлардың, азаматтардың, мекеме, қәсіпорын ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың қаржылай және құрылыс материалдарымен көмек көрсетулерін сұраймыз.