photo 3

Бөрлі аудананың және
Ақсай қаласының құрметті
азаматы, зейнеткер
Жолдығали Батырханов

 

«Адам  ұрпағымен мың жасайды»

«Өз тарихын сыйламаған халық,
өзін де сыйламайды»
Н.Ә. Назарбаев

Тәуелсіз Қазақстанымыздың Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жок»-деп айтқан көтерен сөзі, халықтың сан ғасырлық тарихи жолына берген әділ бағасы екені сөзсіз. Ел басының ұйытқы болуымен жария етілген «Мәңғілік Ел» идеясының да басты мақсаты, күре тамыры ел мен халықтың бірлігі, елін, жерін қөрғаудағы тарихи тұлғалардың орынын, олардың ерлігін айта отырып, атқарған істері арқылы жастарды отаншылдық, патриоттық қасиеттерге баулу, үйрету, өнеге беру. Демек, тарихи құжаттағы деректерге зер сала өтырып, дара тұлғаның шынайында, шын орнын айқындау арқылы ұлттық идеясы ұрпақ санасына сіңіру деп ойлаймын. Өткен тарихты білмей, келешекке көз салу мүмкін емес. Әсіресе, бүгінгідей еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігіне қол жеткізген тұста халқымыздың батыр тұлғалары, асыл азаматтары туралы мағлұматтарды іздестіріп, жинақтап жеткізу, біздің міндетіміз.


photo 4
 

Осындай тағлымды шаралардың бірі – даңқты бабалардың есімдерін өздерінің кіндік қаны тамып, табаны тиген жерге, сол арқылы кейінгі ұрпаққа туған өлкенің тарихын білгізу, оған сүйіспеншілігі мен мақтанышын артыру.

XIX ғасырда өмір сүріп, халқына қалаулы, еліне елеулі болған, осы ауданда туған - Жолбарыс Тореұлы бабамыздың мен төртінші ұрпағымын, Бөрлі аудананың және Ақсай қаласының құрметті азаматымын.

Жолбарыс батыр талай мәрте елін, жерін сырт көзден, барымташылардан қорғап қалғандағы, қөзсіз батырлығы, аруақтылығы, қайраттылығы туралы ел ішінде аңыз әңғімелері өте коп.

Батыр бабамыз жәйлі  «Арысын айтпас, аруағына сыйынбас ел болмас», «Достық үні» газеті, №17.6.04.1994ж,№18.13.04.1994ж. Алғали Мерғалиевтің, «Бөрліліктер өз батырын ұлықтай ма?», «Сауыт қалай сақталған», «Айна» газеті  №19, 2010 жылдың 13 мамырындағы Қазбек Құттымұратұлының т.б.  мақалаларында кеңінен көтерілді.


Орал, Орынбор, Ақтөбеге мұрағаттарында жарты ғасырдай мәлемет іздедим. Жолбарыс Тореұлы бабамыз жәйлі ізденісімізді тоқтатпадым. Жақында ғана, 2016 жылдың, тамыз айында, Санкт-Петербург мемелекеттік мұрағатынан құанышты дерек алдық, іздегеніміз табылды, ақ түйенің қарны жарылды. Ресмі түрде, мөр басылған құжат қөлыма тиді:

Стоит штамп

О награждении ордынцев, оказавших усердие и услуги по снаряжению   экспедиции против кокандцев.

Начато «21» декабря 1853г.

Закончена  «3» февраля 1854г.

На 42 листах.

 

Испрашивается о наградах

Кому именно, с которого времени в служебной выполняемости звания, если был штрафован, то когда, за что, или иное кончено и не состоит ли иным под судом или следствиемЗа что к награде представляется?Когда и какую получил последнюю награду?Испрашиваемая награда.3. Старшине Табынского рода Даултаева  отделения Джулбарысу Турину.

В штрафах и под судом  не был и иным не состоит. По свидетельству Оренбургской Пограничной Комиссией, от 31 марта 1845 года за № 3655, вследствие предложения бывшего Оренбургского Военного Губернатора возведен в почетное звание Старшины.За сопровождение отрядов и транспортов отправившихся летом 1853 года в форт «Петровский».В 1847 году Всемилостивый постановить 6 аршин синего сукна на кафтан 12 аршин. Золотого голуна средней ширины, 1.3/4 аршин узкою 12 аршин шнуру, 12 аршин ситцу, присвидетельств Пограничной Комиссии от 5 июня за №9670.Сребрянная медаль на Аненнской  ленте.


photo 5

XIX ғасырда өмір сурген даңқты қолбасшы, айбынды саясаткер, Жолбарыс Торыұлы батыр және старшын туралы, оның өмір сүрген ортасы, ел егемендігі жолында құрбан болған тарихи түлғаның рухын үлықтау, қастерлеу, насихаттау мақсатында, иғілікті істері айтылып жүргенімен, әлі де болса,  батырды ұлықтау мен дәріптеу ісін жалғастыра берсек деген – үкілі үміт!

Тарақты Табын руының батыры Жолбарыс Торыұлы 1785 жылы Бақтыарал ауылында дүниеге келіп, 1874 жылы 89 жасында өмірден өткен. Қазіргі Кеңтүбек селолық округіне қарасты Түйеші көлінің жағасы, қазіргі үлкен “КОС - тың” оң жағында 100 м. Ақсайдан 4 шақырым.

Бұл жер бұрынғы Қазақстан станциясы, қазіргі Ақсай қаласы – деп аталса, ал Қоскемпір сайы №59 жылжымалы механикаландырылған колонна (ПМК) механикасының алдынан ағып, кірпіш заводы салынған жер қамысты көлге құяды.

Онан әрі Байторы көліне қосылады. Ертеректе бұл сайлар мен көлдерде су мол болған. Жолбарыс батырдың қыстауы Бақтыарал болса, жайлауы Көншібайға (қазіргі Тұңғыш жерінде) дейінгі алқап, жазғы жайлауда Байжиен деген Қоскемпір сайының бойын жайлаған.


Жолбарыс батырдың атасы - Бекболат, Жайық қалмақтарымен соғысып батыр атағын алған кісі. Қалмақтарды Жайық – Еділ өзендерінен асырып салған сарбаздардың ішінде болған.

Бекболат батырдан туған Торы, оның қара қазанына қара су ұйыған. Соңынан Байторы атанған. Торының бес ұл баласы мен Ақшыбық деген жалғыз қызы болған. Жолбарыс батыр үйдің кенжесі болған.  

Жолбарыс батырдың күшіне келсек, құдыққа түскен ірі қара малды, жылқыны бір өзі қауғалап шығара береді екен.

Батырдың жорықтарына байланысты Ақсайда ат бәйгесі өтетін «Жолбарыс алаңы», Ақтөбе жерінде «Жолбарыс сайы», Қарғалы, Шилісай, Үшағаш елді мекендерінде батыр өткен жол сілтемелері бар.