|
Құрметті «Ұрпақтар» қоғамдық қоры сайтының қонақтары! Біздің сайт менің арғы атам Табын руы, Дауылтай бөлімінен болатын Жолбарыс Торыұлын еске алуға арналады.
Біздің мақтануға тұрарлық ұлы батырларымыз, оқымысты-ғалымдарымыз, ағартушыларымыз, ақындарымыз бұдан да көп болар ма еді, алайда бұрынғы замандардың бұлдыр елесі сияқты санамызда сақталғаны санаулы есімдер ғана. Осындай өр тұлғалы алыптардың ішінде алдымен ауызға алынатындардың бірі Жолбарыс батыр Торыұлы екені сөзсіз (шамамен 1785 – 1874жж.), ол Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы өмір сүріп, шайқасқан және сол жерде жерленген. Батырдың сүйегі Ақсай қаласынан 4 шақырым жерде жатыр. Мен өз руымның тарихы мен өзімнің кіші отаным Ақсай қаласының тарихын мақтан етемін. Жуық арада біздің ауданымыз бен қаламыз ірі тарихи-мәдени орталыққа айналып, ұлттық мәдениетінің, халық салт-дәстүрлерінің сақталуына септігін тигізетін жағдайлар жасалады деп сенемін. Құрметпен, |