Алга, Табындар
I
Бақтарал, туған елім, туған жерім, Дауылтай боламын мен, жеті ру –Табын. Бұл, Бөрлі, Шыңғырлау, мекені- Табынның, Ақсай қаласы, Дауылтайдың ордасы.
Қайырмасы:
Алға, алға, алға - жеті ру Табындар, Алға, алға, Дауылтай, Дандалар! Қожамберлі, Бөрге, Туатай, Мұраттар! Әр кашан бірге, болайық бауырлар,
Алға, алға, жеті ру – Табындар, Алға, алға, Сүйіндік, Алдиар, Қарамөңке, Жиенбет, Әшібек,Есназар! Әрқашан бірге, болайык -Табындар!
II
Найзаның ұшымен, жүрекпен, білекпен, Кең байтақ қазақтың даласын қорғаған. Бөкенбай-Жолбарыс, табындар батыры, Жеті ру, намысын ұрпаққа сақтаған.
Қайырмасы
III
Жеті ру - Табындар, аяулы бауырлар, Ауылдың намысын, жүректе сақтаңдар, Біз үшін бабалар қан төгіп шайқаскан, Азамат болыңдар - Табындар бауырлар!
Қайырмасы
|
Ассалаумағалейкүм, Табындар
I
Ассалаумағалейкүм, Табындар, Мені дұрыстап тыңдаңдар. Мен, Табынның баласымын, Дауылтайдан, Болаттан. Ағама жазған әнім бар, Шын ниетпен, көңілмен, Айып болмаса ағасы, жымиып қана, кабыл ал.
II
Ақ дастархан жаюлы, Ақ тілектер айтулы, Бұл қуаныш, мереке, ортақ қой бүгін біздерге, «80»-нен асты атамыз, қасында отыр апамыз, Осы отырған бәріңіз, Қошемет жасап, бас иіп, Тілекті қабыл алыңыз.
III
Айтылған сөздің, жаны бар, Намысты жігіттін, қаны бар, Аға Сіз, бізге үлгісіз, солай емеспе, - Табындар?! Оттай болып жаныңыз, Шығармаларды жазыңыз. Сіз шығарған кітаптан, Дауылтай, кім екенін таныңыз.
IV
Эй, халайық, халайық, бүгін әнге салайық, «80»-нен асқан ағамыз, отыр ғой төрде, қараңыз. Жалмағамбет баласы, Жолбарыстың ұрпағы, Дауылтайдың жүрегі, Бекболаттын тірегі.
V
Тоқтамыс пен Қырғыздар, Алдаберген мен, Болаттар, Бекболаттың шаңырағына, келіп отырған қонақтар. Ағасы «100»-ге келіңіз, Апа, бірге жүріңіз. Шама келсе, - ағатай, Жеңгейдің артында қалмаңыз, Тілейміз тілек баршамыз. Кұтты болсын тойларың, Орындалсын арман,ойларың, Осы тойды ұйымдастырған, аман болсын балларың, Шайқалмасын шаңырақ, ағараңдап атсын таңдарың. Тірегі болсын әүлеттің, Азамат пен, Ақдәулетің!
|